Мемлекеттік органдар қолданыстағы ұлттық жобалардан көрсеткіштер мен іс-шараларды көшіру, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы және басқа да тапсырмалары аясындағы жаңа шараларды салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарларына енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері өкілдерінің "Қолжетімді интернет" және "Әр елді мекенде таза ауыз су" жаңа ұлттық жобаларын әзірлеу барысы туралы баяндамаларын тыңдады.
Жиын қорытындысы бойынша, Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарларын өзектендіру жұмыстарын жеделдету, сондай-ақ ұлттық жобаларды әзірлеуді аяқтауды тапсырды.