Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
Қатысушылар өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру, республиканың көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мәселелерін қарады.
Сонымен қатар телекоммуникация және энергетика салаларын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.
Отырысқа орталық мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына" қоры, "Бәйтерек" холдингі, "Қазақстан темір жолы" және "QazaqGaz" ұлттық компанияларының басшылары, Ұлттық банк өкілдері және т. б. қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу