Үкіметте Qarmet компаниясы жұмысының өзекті мәселелері қаралды

394

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Qarmet компаниясы жұмысының мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкіметте Qarmet компаниясы жұмысының өзекті мәселелері қаралды Фото: primeminister.kz

Жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның тұрақты жұмысын және одан әрі дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, салық, магистральдық т/ж желісін пайдалану, сондай-ақ экологиялық заңнама нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар отырыста Қарағанды көмір бассейні шахталарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өзектендіру жоспарлары қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу