Үкіметте технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын құру мәселелері талқыланды

516

Премьер-Министр Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп жазады inbusiness.kz.

Үкіметте технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын құру мәселелері талқыланды Фото: primeminister.kz

Қазақстанның инновациялық экожүйесінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленді. Ол Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жыл сайынғы жаһандық рейтингін талдау қорытындысына негізделіп дайындалды. Жаңа тәсіл аясында күш-жігерді жекелеген бағыттарға шоғырландыру ұсынылып отыр. 

Оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру үшін MedTech, экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамыту үшін AgriTech, "жасыл" технологияларды, энергияны тиімді пайдалану мен үнемдеу үшін GreenTech бар.

Сонымен қатар экономиканың түрлі салаларының инновациялық белсенділігін ынталандыратын технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын құру мәселелері қаралды.

Үкімет басшысының айтуынша, құзыреттілік орталығы саланың барлық кәсіпорындары үшін жақсы шешім болуы керек.

Бұдан бөлек отырысты "Өнеркәсіпке арналған инновациялар" бірыңғай ақпарат жүйесін іске қосу мәселесі де қаралды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу