Үкіметте ұлттық жобаларды әзірлеу барысы талқыланды

547

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев "Қолжетімді интернет" және "Әрбір елді мекенде таза ауыз су" ұлттық жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.  

Үкіметте ұлттық жобаларды әзірлеу барысы талқыланды Фото: primeminister.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, 2027 жылы кең жолақты интернеттің үйдегі желілеріне қол жеткізу деңгейі 100%-ға жетеді. Сонымен қатар 2027 жылы 5G-мен қамту республикалық маңызы бар қалаларда 75%-ға, облыс орталықтарының қалаларында 60%-ға жетпек. Ал ауылдық жерлерде интернет желісін пайдаланушылардың үлесі 2027 жылы 97%-ға жақындайды.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар Мемлекет басшысының халықты ауыз сумен жүз пайыз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленген "Әрбір елді мекенде таза ауыз су" ұлттық жобасын қарады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жобаны қаржыландыруды қайта қарады. Оны іске асыру 2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау қызметтеріне 100% қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу