Үкіметте Жолдауға байланысты кеңес өтті

738

 Үкімет басшысы ҚР Президенттің Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының барлық тармақтарын сапалы әрі уақытылы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.  

Үкіметте Жолдауға байланысты кеңес өтті

ҚР Премьер-Министрі Президенттің Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау (ЖҰЖ) мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов Үкіметке бекітілген 64 ЖҰЖ тармағының 34-і орындалғанын, қалғаны орындалу үстінде екенін баяндады.

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының шараларын іске асыру барысы туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Абаев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, сондай-ақ қаржы министрінің бірінші орынбасары Б. Шолпанқұлов пен ішкі істер министрінің орынбасары А. Калайчиди баяндады.

ЖҰЖ-дың инвестицияларды тарту көлемін арттыру, инвестициялық ахуалды жетілдіру және экспортты ынталандыру, мемлекеттік басқару реформасын жүргізу, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын оңтайландыру, салық жүйесін жаңғырту және т. б. бойынша тармақтарына ерекше назар аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу