Атырау облысындағы 8 жолды жөндеуге Үкіметтен 5,9 млрд теңге бөлінді

228

Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

Атырау облысындағы 8 жолды жөндеуге Үкіметтен 5,9 млрд теңге бөлінді Фото: Pixabay.com

Құжатта су тасқыны салдарынан зардап шеккен жолдарды қалпына келтіруге Атырау облысының бюджетіне аудару үшін Үкіметтің төтенше резервінен ҚР Көлік министрлігіне шамамен 5,9 млрд теңге бөлу қарастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Аталған қаражаттың 4,6 млрд теңгесі облыстық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесін, оның ішінде, "Индер – Қарабау – Сағыз", Қарабау кентіне кірме жолдар, "Сарытоғай – Махамбет", "Атырау – Индер", сондай-ақ Құлсары қаласындағы жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіруге бағытталады.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен "Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз" автожолындағы көпір мен су өткізу құбырлардың құрылысына шамамен 1,3 млрд теңге бөлінеді. Айта кетейік, су тасқыны 11 жол учаскесінде елеулі қиратуларға әкеліп, бес учаскеде су өткізгіш құбырларға зақым келтірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу