Үкіметті кім басқаратынын AMANAT партиясы шешеді

1371

Қызметін бүгін тоқтатқан Үкіметтің айналасындағы әңгімелер әлі қызу талқыланып жатыр. 

Үкіметті кім басқаратынын AMANAT партиясы шешеді Фото: inbusiness.kz

Жетекшілікке келетін персонаның төңірегіндегі сыбыстардың тіптен шеті көрінбей кетті. Сарапшылар ставкасы Смайылов емес, оның 6 орынбасарына түсіп тұр. Әсіресе, Серік Жұманғаринге бәс тігушілер көп. Әкім Досаевтың да есімі аталады. Жуырда ғана вице-премьер атанған Көлгіновтің мансабы тағы да көтеріледі-міс. Алайда бұл - болжам ғана! Анығы  премьер болуға лайық кандидатураны "Аманат" партиясы ұсынатын болды.  

Бүгін Үкімет ресми түрде отставкаға кетті. Осылайша жаңа кабмин түзілгенше Смайыловтан бастап барлық министрлер міндеттерін уақытша атқарады. Ал Үкіметтің басына кім келетінін енді Президент шешпейді.

"Мен премьер министрдің кандидатурасын жеңіске жеткен партия мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет тұжырымдамасына сай келеді", деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал Қошанов Премьер министрлікке кімді ұсынатынын айта алмады. Алдағы бір екі күнде есімін жариялауға уәде берді. Егер өздері ұсынып, отырғызған Үкімет басшысы сенімді ақтамаса, қателікке бой алдырса не болмақ. Онда кінә бізден деді Қошанов. Аманат партиясымен бірге заң алдында жауап беруге келісті.

"Премьер-министр мына кісі болады не мына кісі болады деу үлкен жауапкершілік. Оны жеке депутат, жеке төраға ретінде жауап бере алмаймын. Себебі біз өзімізідң фракциямызда талқылауымыз керек. Содан кейін шешім қабылдауымыз керек", деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов. 

Осылайша бір екі  күнді Үкіметтің тағдыры шешіледі. Содан ба әлде басқа ма. Кім білсін. Әйтеуір жиын бойы Смайыловтың қабағы бір ашылмады. Тіпті Тоқаев берген тапсырмаларды қағазға да түсірмеді. Осы отырғаны отырған. Есесіне орынбасарлары Президенттің әрбір сөзін қалт жібермей жазып отырды.

Айтпақшы, сарапшылар Смайловтың 6 орынбасары басты кандидаттар екенін атады. Соның ішінде Серік Жұманғаринге бәс тігушілер көп. Алматы қаласының қазіргі әкімі Ерболат Досаев келуі мүмкін деген болжам да бар. Алтай Көлгінов пен Тимур Сүлейменовтің те аты аталып жүр.

"Мен ол туралы ойлап жақан жоқпын. Мен премьер министрдің орынбасары болып жатқаныма міне үш ай болды. Сондықтан маған жүктелген жұмыс көп. Сонымен айналысып жатырмын", деді ҚР Премьер-министрі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Алтай Көлгінов.

Смайылов басқарған министрлер кабинеті қызметін 1 жыл 2 ай атқарды. Бұл Үкімет тарихындағы ең қысқа мерзім. Министрлердің осы аралықта істеген өз жұмыстарына көңілдері толды ма деп сұрадық. Әне міне кететініміз сезілмейді дейді. 

Үкіметке кім келсе де Тоқаев мынаны түйіп алсын деді. Министр өз жұмысын жетік білуі аздық етеді. Олар өз ұстанымдарын Парламенттің алдына қорғауға қабілетті болуы тиіс. Жұмысы елге түсінікті болуы қажет. Міне сондай тұлға Премьер министрлікке лайық. Ал оның кім болатынын алдағы бір екі күнде білеміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу