Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік тапсырыс алуға жыл сайын қатыса алады

1439

Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік тапсырыс алуға жыл сайын қатыса алады

Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік тапсырыс алуға жыл сайын қатыса алады. Бұрын арнайы грант ұтпағандар қайта қатысуға 3 жылға дейін шеттетілетін еді, деп хабарлайды astanatv.kz.
Мәжілісте коммерциялық емес ұйымдарға қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Қазір елде 19 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым бар. Олар қандай да бір мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс алу үшін, дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дерек қорына есеп беруі керек. Бұл ұйымдарға грант бөлу үшін, арнайы акционерлік қоғам құрылған. Бюджет қаржысы осы орталық арқылы өтеді.
"Биыл мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстарды орындау үшін бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың қандай проблемаларды шешуге жұмсалатыны алдын ала тұрғындармен ақылдаса отырып шешіледі", - дейді министр. 
"Жергілікті және орталық атқарушы органдардың сайттарында мемлекеттік-әлеуметік тапсырысқа  ұсынатын тақырыптар жарияланады. Ол қоғамның сұранысы бойынша құрылады. Мемлекеттік органдар халықпен кездесу арқылы қажеттілікті анықтайды. Тұрғындар сайтта өз ұсыныстарын білдіре алады. Осының бәрі талқыланып бюджетке ұсыныс беріледі", - дейді ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу