Үкіметтік емес ұйымдарға 15 аталым бойынша сыйақы беріледі

976

Сыйлықақы өлшемі 2 мың айлық есептік көрсеткішті немесе биылғы жылы 4 млн 800 мың теңгені құрайды.

Үкіметтік емес ұйымдарға 15 аталым бойынша сыйақы беріледі

Еліміздегі қоғамдық ұйымдарға сыйақы бөлінеді. Бұл үшін үміткерлерден өтінімдер 1 қыркүйекке дейін қабылданады, деп хабарлайды 24.kz.

Үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы 15 аталым бойынша беріледі. Олардың қатарында білім-ғылым, ақпарат, спорт, денсаулық, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, отбасылық-демографиялық және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау сияқты салалар бар. Осы жылы азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу туралы жаңа бағыт қосылды.

"Сыйлықақы үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға жәрдемдесу, әлеуетін нығайту мақсатында енгізілген. Сыйлықақы үкіметтік емес ұйымдарға өтеусіз беріледі. Сыйлықақы өлшемі 2 мың айлық есептік көрсеткішті немесе биылғы жылы 4 млн 800 мың теңгені құрайды", - дейді ҚР ҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова.

Айта кетейік, былтыр 66 сарапшыдан құрылған комиссия 216 өтінімді қарап, 59 үкіметтік емес ұйымға сыйақы бөлді. Олардың қатарында "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы, "Аялы Алақан" қоғамдық қайырымдылық қоры, "Еуропа құқығы мен адам құқығы жөніндегі институты" жеке қоры, "Жанашыр" халықаралық қайырымдылық қоры және т.б. ұйымдар.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу