Үкіметтік емес ұйымдарға 45 грант бөлінді

1083

Үкіметтік емес ұйымдарға 45 грант бөлінді

Үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға берілетін гранттардың көлемі 3 есе артты. Биыл бұл сома 588 миллион теңгені құрады. Бұл туралы ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асырудың барысы жайлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, былтыр мұндай мекемелерге тек 208 миллион теңге бөлінген болатын. Бұл қаражат есебінен 11 жоба жүзеге асты. Ал биыл 55 бағдарлама өз бастауын алады деп жоспарланып отыр. Ол үшін 45 грант бөлінді. Тағы 14-і бойынша келісім-шарттарға қол қойылды. Сонымен қатар үкіметтік емес  ұйымдар берілген ақшаның 10 пайызын мекеменің кадрлық құрамын нығайтып, материалдық техникалық базасын жетілдіруге жарата алады. Бастысы, жобалардың әлеуметтік маңызы жоғары болуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу