Үкіметтік емес ұйымдарға грант беру қағидалары өзгерді

1442

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтың сөзінше елімізде волонтерлік ұйымдарды гранттық қаржыландыру механизмі жетілдірілген. Атап айтқанда, министрлік қолданыстағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант беру қағидаларына өзгерістер енгізген.

Үкіметтік емес ұйымдарға грант беру қағидалары өзгерді

"Нормативтік-құқықтық құжат жобасы азаматтық қоғам саласындағы сарапшылармен бірлесе отырып әзірленді. Жаңа өзгерістер мемлекеттік емес ұйымдар арасында гранттарды бөлу бойынша конкурстық рәсімдерді жетілдіруге бағытталған. Соған сәйкес сарапшылар тізімін қалыптастыру тәртібі регламенттелген. Жаңа қағида бойынша сарапшылар тізімі 1 жыл мерзімге жасалады және көпшілікке жария етіледі. Сондай-ақ гранттардың тақырыптары қоғам талқысынан кейін ғана жоспарланып, іске асырылады", – деді вице министр. 

Осылайша былтыр елімізде 88 қоғамдық ұйымның қатысуымен 117 гранттық жоба жүзеге асырылған. Оның аясында 667 оқыту іс-шарасы, 54 зерттеу жүргізілді, 4 әлеуметтік қызмет жобасы іске асырылып, 15 веб-платформа құрылып, 52 орталық ашылған. 

"Жалпы осы әлеуметтік жобалар бойынша елімізде 1 млннан астам адам көмек алды", – деді вице-министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу