ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов бастаған үкімет комиссиясы жұма күні қар көшкіні салдарынан әскери қызметшілер қаза тапқан Жамбыл облысына келді. Бұл туралы ҚР премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет комиссиясының құрамына Қорғаныс министрінің орынбасары Т.Мұхтаров, Қаржы вице-министрі Т.Савельева, Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.Ильин, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, Денсаулық сақтау вице-министрі А.Цой және Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков кірді. Комиссия мүшелері оқиға орнында төтенше жағдайдың себебін анықтап, қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырумен айналысады. Бұл мәселе ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың жеке бақылауында.