Үкіметтік комиссия Жамбыл облысында болған өрт пен жарылыс зардабын бағалайды

610

Комиссия алдына залалды бағалау және өрт пен жарылыс салдарын жою, зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккендерге әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша міндеттер қойылды.  

Үкіметтік комиссия Жамбыл облысында болған өрт пен жарылыс зардабын бағалайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен 26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында орын алған өрт пен жарылыс салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz  primeminister.kz. сайтына сілтеме жасап.  ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен комиссия құрамына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму және басқа да орталық мемлекеттік органдардың вице-министрлері кірді.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу