Үкіметтік резерв коронавируспен күреске 3 рет қаржы бөлді – министр

964

Дәурен Абаев коронавируспен күреске Үкімет резервінен қанша қаржы жұмсалғанын айтты.  

Үкіметтік резерв коронавируспен күреске 3 рет қаржы бөлді – министр

"Коронавируспен қарсы күреске тікелей бөлінген қаржы туралы көп сауалдар түсіп жатыр. Бұл жерде дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтып отырған жоқпын.  Коронавируспен күреске  Үкіметтік резревтен үш рет ақша бөлінді. Бірінші  траншпен 29 қаңтарда  1 млрд 609 млн теңге бөлінген. 21 ақпанда коронавируспен күреске  қосымша 428 млн 227 мың теңге бөлінді. Үшінші рет 25 наурыз күні 20 млрд 430 млн 635 мың теңге бөлді. Бұл қаражат  дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен зертханалық қондырғылар алуға, маска, қолғап, қорғаныс костюмдері мен тес-жүйелерін сатып алуға жұмсалды. Сондай-ақ, шұғыл медицинаны ұлттық үйлестіру орталығына азаматтарды эвакуациялауға, мамандарды жабдықтауға, залалсыздандыру құралдарын алуға берілді", – деді дәурен Абаев онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу