Жұмыс тобына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау вице-министрлері, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы кірді. Бүгін топқа Nur Otan партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова қосылды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Күн "Қазфосфат" ЖШС Жаңа Жамбыл фосфор зауытының базасында өткен қаланың, аудандардың әкімдерімен, ірі кәсіпорындардың, бизнес құрылымдардың және кәсіподақтық ұйымдардың басшыларымен кездесуден басталды.
Бұдан әрі Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары мен жұмыс тобының мүшелері облыс халқымен кездесу өткізді. Аудитория көп балалы аналардан, аз қамтылған отбасылардан, еңбек ардагерлерінен, мүмкіндіктері шектеулі жандардан, мұғалімдер, дәрігерлер мен жұртшылық өкілдерінен құралды. Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" жаңа әлеуметтік шаралары жаңа әлеуметтік саясат аясында іске асырылып жатқанын ерекше атап өтті, оның басты мақсаты — әрбір адамның әл-ауқатын арттыру. Делегация мүшелері сөз сөйлеп болғаннан кейін, облыс тұрғындары өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптарын алды.
Жұмыс сапарының келесі нысаны Тараз қаласындағы №5 қалалық емхана болды, онда Жамбыл облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету (АМСК) мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Күннің екінші жартысында Гүлшара Әбдіқалықова Жоғары политехникалық колледждің материалдық-техникалық жарақтандырылуымен танысып, онда студент жастармен кездесу өткізді. Ашық интерактивті әңгіме өрбіді. Жастар мемлекеттік жастар саясатын қолдайтындарын жеткізіп, адам капиталын дамытудың негізі ретінде білімнің басымдығынан бастап, әлеуметтік-еңбек саясатының жекелеген аспектілеріне дейін өзекті мәселелерді қозғады. Жамбыл ауданынан М. Рахымжанов бірқатар сындарлы тәсілдерді ұсына отырып, әріптестерінің назарын жастарды жұмыспен қамту мәселесіне аударды.
Өңірге жұмыс сапарының соңында ҚР Премьер-министрінің орынбасары облыс басшылығына бірқатар нақты тапсырма берді.