Заң жобасын қолданысқа енгізу үшін 46 заңнамалық акті, оның ішінде 2 кодекс пен 44 заң ішінара түзетіледі.
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, заң жобасы шеңберінде 68 функция қайта бөлінеді. Нәтижесінде, үкіметтен министрліктерге 63, жергілікті атқарушы органдарға 5 функция беріледі. Бұдан бөлек, 4 мемлекеттік органға қосымша өкілеттік ұсынылады.
"Заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыруға жасалған кезекті қадам. Бұл құжат басқару деңгейлері арасындағы нақты құзыреттерді ажырату бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеліп соқпайды", – деді Әсет Ерғалиев.
Қанат Махамбет