Үкіметтің бірқатар функциясы мемлекеттік органдарға беріледі

928

Парламент Мәжілісінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге байланысты заң жобасы қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкіметтің бірқатар функциясы мемлекеттік органдарға беріледі

Заң жобасында жекелеген функцияларды Үкіметтен орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға беру көзделеді. Осылайша, 55 заңнамалық актіге, оның ішінде 5 кодекс пен 50 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

Заң жобасы бойынша:
- мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есеп жасау және беру тәртібін белгілеу жөніндегі өкілеттік;
- азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін құтқарушыларды аттестаттау тәртібін бекіту жөніндегі функциялар;
- су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органға республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастыру жөніндегі құзырет;
- автокөлік жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органға автокөлік жолдарымен жүріп-тұруға арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін белгілеу жөніндегі функциялар; 
- геодезия және картография саласындағы уәкілетті органға аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі өкілеттіктерді;
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың қызметін салааралық үйлестіру жөніндегі құзыретті беру көзделіп отыр.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу