"Транстелеком" байланыс операторы мемлекет меншігіне қайтарылу керек пе? Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.
"Транстелекомның" тікелей Үкіметтің қарамағында акциялары жоқ. Мүмкін "Қазақтелекомның", басқа да акционерлік қоғамдардың үлесі бар шығар. Сіз айтып отырған активтерді қайтару заңының аясы ретінде зерттелетін болса, ол әлі де зерттелуі немесе қарастырылуы мүмкін. Өйткені әлі тиісті комиссия құрылған жоқ. Бұл жұмыспен Бас прокуратураның қарамағындағы ведомство айналысады, бұл подведомство қазір құрылып жатыр. Олардың тікелей құзыретіндегі жұмыс. Егер бүгін критерийлері заң аясында сәйкес тартуға мүмкіндік болса, әрине тартылады", - деді ол Үкімет кулуарында.
Журналист ведомство басшысынан оны зерттеуге енгізу үшін не істеу керек екендігін сұрады.
"Біріншіден, ведомство құрылуы керек. Одан кейін комиссия құрылуы тиіс. Арнайы реестр болу керек, критерийлер бойынша сәйкес келу қажет. Реестрге кірсе, акционерлері немесе басшылары келіп, тиісті декларацияларды береді. Қаншалықты заңды екені сол кезде көрінеді", - деп жауап берді министр.
Ерұлан Жамаубаев "Транстелеком" мемлекетке қайтарылу керек деп есептейсіз бе?" деген сұраққа да жауап берді.
"Бәрі де заң аясында болу керек", - деп түйіндеді ол.