Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілді

407

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" 2023 жылғы 6 қаңтардағы қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілді Фото: inbusiness.kz

Атап айтқанда, Үкімет отырысын өткізуге қатысты тармақ нақтылануда.

Осылайша, отырыстар үкіметтің интернет-ресурсында онлайн-трансляция арқылы ашық және мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде жүргізілетіні айтылады. Сондай-ақ, ашық кездесуді трансляциялау кезінде азаматтарға пікір қалдыруға мүмкіндік беріледі.

Ашық отырыстың хаттамасы отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей үкіметтің интернет-ресурсында орналастырылады. Президенттің немесе Премьер-Министрдің бастамасы бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу