Үкіметтің осы құрамымен жаңа жылға аяқ басуға бола ма?

555

Президенттің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекетет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Үкімет құрамының ендігі жердегі жұмысы нәтижелі бола ма?" деген сауал қойды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Үкіметтің осы құрамымен жаңа жылға аяқ басуға бола ма? Фото: primeminister.kz

"Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздегі экономикалық мәселелерді шешумен айналысу. Бұл – Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі. Сондықтан мен Премьер-Министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді. Жалпы, Жаңа жылға Үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма? Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру Үкіметтің қолынан келе ме? Үкімет іштен және сырттан болатын барлық экономикалық қауіп-қатерлерге қарсы тұра ала ма? Меніңше, бұл мәселелер Мемлекет басшысының Премьер-Министрмен және Парламент депутаттарымен өткізетін консультациялары кезінде мұқият талқылануы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент келесі жылдың бірінші жартысында елімізде Парламент сайлауы өтетінін айтып, өз ұсынған саяси реформалар бағдарламасына сәйкес заң шығару билігі және жергілікті өкілді органдар сапалық тұрғыдан маңызды өзгеріске ұшырайтынын жеткізді.

"Үкімет те осы реформа үдерісінен тыс қалмауға тиіс. Бұл жұмыс бір уақытта, бір қарқынмен жүргізілуі керек. Сол себепті, мен барша Үкімет мүшелері осы мәселе жөнінде ойлануы керек деп санаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу