Үкіметтің жаңа басшысы халықтың тұрмысын көтеру үшін не істейтінін айтты

4000

Премьер-министр Әлихан Смайылов қазақстандықтардың тұрмысын көтеру үшін не істейтінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Үкіметтің жаңа басшысы халықтың тұрмысын көтеру үшін не істейтінін айтты

"Маған үлкен сенім артқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл мен үшін зор жауапкершілік. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының жетекшілігімен, елдің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға бағытталған өзгерістер жүзеге асырып жатыр. Азаматтардың заңды талаптары ескеріліп, іске асады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы, елдегі әлеуметтік экономикалық жағдайды тұрақтандыру, халықтың тұрмысын жақсарту бойынша тапсырмаларыңыз Үкімет үшін басты міндет болады.

Үкімет Президенттің Жолдауларын, бастап жатқан реформаларын және тапсырмаларын стратегиялық, бағдарламалық құжаттарын іске асыру жұмыстарын жүргізеді.

Тиімді макроэкономикалық саясатты іске асыру, жаһандық өзгерістердің әсерінен ұшыраған инфляция біртіндеп төмендету, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды міндеттің бірі болып саналады.

Экономикалық өсуді орта мерзімді уақытта 5% деңгейінде  жеткізу үшін тиісті жұмыс атқарылады. Ұлттық инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларға отандық және шетелдік инвесторларды тарту үшін, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру саясаты жалғасады.

Бизнес климатты жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту мен жалақыларды көтеру жөніндегі кешенді шаралар азаматтардың нақты табысының өсуіне ықпал етеді.  

Үкімет жұмысының басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан мемлекет бюджеті тиісті шараларға көзделеді.

Алдымызда коронавирус пандемиясы еңсеру міндеті тұр. Халықты вакциналау және ревакциналау жұмыстары жалғасады. 

Үкіметтің алдына қойылған міндеттерді шешу үшін барлық керек шара қабылданады", - деді жаңа Премьер-Министр Президенттің қатысуымен өтіп жатқан Мәжіліс отырысында.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу