ҰҚК 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі арнасының жолын кесті

246

Есірткі құны "қара нарықта" 5 млрд теңгеден аса бағаланады. 

ҰҚК 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі арнасының жолын кесті Фото: ҚР ҰҚК

Биылғы бірінші тоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, комитет есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 53 операция жүргізген, оның 16-сы шет мемлекеттердің мүдделі құзыретті органдарымен бірлесе жүргізілген.

"Іс-шаралар қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі жеткізу арнасы, сондай-ақ 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды. Жалпы айналымнан 800 кг-нан астам есірткі мен психотроптық заттар, 4 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды. Алынған есірткі құны "қара нарықта" 5 млрд теңгеден аса бағаланады, ал айналымға жіберілмеген көлем шамамен 4 млн бір реттік дозаны құрайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда ҰҚК халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдік бойынша 72 Қазақстан азаматы мен шетелдікке қатысты сотқа дейінгі тергеп тексерулер жүргізіліп жатқаны айталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу