"ҰҚК 32,7 млн теңгенің көлігін иемденді": Қымбат көліктер мемлекеттік органдарға беріліп жатыр

517

Тәркіленген Jeep Wrangler көлігін Ұлттық Қауіпсіздік комитеті иемденді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"ҰҚК 32,7 млн теңгенің көлігін иемденді": Қымбат көліктер мемлекеттік органдарға беріліп жатыр Фото: protenge

Аталған көліктің құны – 32,7  млн теңге. 

Жол талғамайтын көлік арнаулы қызмет өкілдері Алматыдан тәркілеген болуы мүмкін. Бюджетті толтыру үшін мемлекеттік аукционға қойылған көлікті иемденгісі келгендердің қатары артты.

Тәркіленген Jeep Wrangler көлігін алуға өтініш бергендердің қатарында ҰҚК, Орқаш орман қорғау мекемесі, Абай облысы Ішкі істер департаменті және ҰҚК Алматы облысы бойынша шекара қызметі бар. 

Белгілі болғандай аталған көлік ҰҚК меншігіне берілген. 

Бұған дейін дәл сол схема бойынша Бас прокуратура құны 50,5 миллион теңгеге болатын Lexus көлігіне, Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар бөлімшесінің тергеушілері де 38,4 миллион теңгеге Range Rover көлігіне ие болған. 

"Бұл кластағы машиналар ҰҚК-нің де, Бас прокуратураның да, Қаржы мониторингі агенттігінің де жұмысын жақсарта алмайтынына сенімдіміз. Олар тіпті мұндай тәркілеудің ережелерін өзгерту туралы ұсыныстарын Қаржы министрлігіне жолдаған. Бірақ ережелер қайта қаралып жатқанда, қымбат көліктер дәл осылай мемлекеттік органдарға беріліп жатыр", - деп жазады басылым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу