Лаңкестік әрекет жасамақ болды деген күдікпен 5 азамат ұсталды

1496

Күдіктілер деструктивті діни ағымды ұстанған болуы мүмкін.

Лаңкестік әрекет жасамақ болды деген күдікпен 5 азамат ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 27 қаңтар күні Қарағанды және Тараз қаласында терроризм күдігімен 5 азаматты қолға түсірген. Олар сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. 

"Күдіктілердің барлығы бұрын да ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Олардың үстінен террористік топты құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды", – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінде. 

Күдікті топ адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған деген болжам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу