ҰҚК академиясы курсантының өліміне қатысты қосымша деректер белгілі болды

629

Оның ісі өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша тергелуде. 

ҰҚК академиясы курсантының өліміне қатысты қосымша деректер белгілі болды Фото: kazlenta.kz

Алматыда ҰҚК академиясының курсанты өз-өзіне қол жұмсады, тергеу басталды, деп хабарлады дүйсенбіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

"30 сәуірде ҚР ҰҚК Академиясының жатақханасында 3-курста оқитын курсанттың мәйіті табылды. Өлім себебі - өз-өзіне қол жұмсау", - деді академия баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Марқұмның отбасы мүшелеріне қажетті көмек көрсетілуде", - деп атап өтті ҰҚК.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу