ҰҚК Алматыда ірі есірткі зертханаларын жойды

402

Алматыда синтетикалық есірткінің екі ірі жасырын өндірісін жою бойынша операциялар өтті.  

ҰҚК Алматыда ірі есірткі зертханаларын жойды Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен 3 азамат ұсталған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, тінту кезінде 21 кг "мефедрон" және "альфа-РVР", прекурсорлардың ірі партиясы мен зертханалық жабдықтар анықталды.

“Тәркіленген есірткі заттардың құны "қара" нарықта 420 млн теңгеге бағаланады, ал көлемі 85 000 рет қабылданатын мөлшерлемелерді құрайды. Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды деп көрсетілген.

Биыл 9 айда ҰҚК 30 халықаралық және аумақтық есірткі арналарының, 29 есірткі өндіретін зертханалар іс-әрекетінің жолын кесіп, заңсыз айналымнан шамамен 1 тоннаға жуық синтетикалық есірткі және 76 тоннадан астам прекурсорлар тәркіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу