ҰҚК Алматыда қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесін ұстады

474

3 күдікті қамауға алынды. 

ҰҚК Алматыда қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесін ұстады Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік қызметі Алматыда арнайы операция өткізді, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 24 маусым күні ҰҚК жедел қызметкерлері арнаулы мақсаттағы бөлімшені жұмылдырумен мегаполисте қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.

"Арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесі ұсталды. Олардан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, жауынгерлік граната, тегіс ұңғылы "шолақ" мылтық және синтетикалық сипаттағы есірткі заты тәркіленді. Топ мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтіру, аса ірі көлемде есірткі затын сату мақсатында  сақтау, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдау және сақтау қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген", - делінген ақпаратта.

Үш күдікті тергеу сотының рұқсатымен қамауға алынды. Қалғандарына қатысты қажетті тергеу іс-қимылдары жүргізіліп жатыр.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу