ҰҚК арнайы операция кезінде 15 адамды тұтқындады

677

ҰҚК арнайы операция кезінде 15 адамды тұтқындады

13-24 қаңтар аралығында ҰҚК қызметкерлері Алматы облысында арнайы операция жүргізіп, 15 адамды тұтқындады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Дәлірек айтсақ, 2 радикалды топтың мүшелері және діни-экстремистік идеологияны насихаттаған 6 адам қолға түсті.

Ұсталғандардың үйлерін тінту барысында 5 граната, халықаралық лаңкестік ұйымдардың белгілері, діни әдебиет пен діни мазмұндағы ақпарат жазылған электронды құралдар тәркіленді. Қазір тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу