Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық есірткі арнасының жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп, Ауғанстаннан "Солтүстік бағдар" деп аталатын бағыт арқылы есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау арнасының жолын кесті. Операция нәтижесінде Ресей Федерациясының Түмен қаласында халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды.
"Тінту барысында олардан қара нарықтағы құны шамамен 300 мың доллар құрауы мүмкін 30 келі ауған гашиші тәркіленді. Аталған факті бойынша Ресейдің құзыретті органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде", – делінген хабарламада.
Халықаралық есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жалғасып жатқаны айтылды.