Былтыр лаңкестік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 43 адам сотталған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Ермек Сағымбаев:
- ведомствоның 2023 жылғы жұмысының негізгі нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берді;
- былтыр ҰҚК бөлімшелері елімізде екі террорлық әрекеттің және шетелдің арнаулы қызметтерімен бірге өзге мемлекеттердің аумағында үш лаңкестік акцияның алдын алғаны жөнінде баяндады:
- лаңкестік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 43 адам сотталған;
- жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен терроризмге қарсы 208 командалық-штабтық және 196 жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткен.
- экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жиі кездесетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының нәтижесі жөнінде айтты:
- қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы 1,5 триллион теңгеден астам қаржы түскен, соның ішінде мемлекеттік бюджетке қайтару бастамасы аясында 680 миллиард теңгеден аса қаржы қайтарылған.
- Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұйымдасқан 15 қылмыстық топ қызметінің жолы кесілгені, 681 қару мен 85 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленгені туралы айтты:
- есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бойынша 36 зертхана жойылған. 34 халықаралық және 32 өңірлік есірткі арнасына тосқауыл қойылып, 3,6 тонна есірткі тәркіленген;
- ҰҚК халықаралық ынтымақтастық аясында шетелдік әріптестерімен бірқатар операцияны жүзеге асырған.
- Мемлекеттік шекараны күзету саласында құқық бұзған 31 мыңнан астам адам ұсталғанын жеткізді. Қару-жарақ, оқ-дәрі және есірткі алып өтуге қатысты 739 әрекетке, сондай-ақ жалпы сомасы 11,7 миллиард теңге болатын валюта мен алтынды, сомасы 12,6 миллиард теңгені құрайтын тауарды тасымалдауға жол берілмеген;
ҰҚК техникалық бөлімшелері мемлекеттік органдардың ресурстарына және елдің маңызды стратегиялық инфрақұрылым нысандарына жасалған 86,3 миллион кибершабуыл мен 2156 DDoS- шабуылды тойтарғанын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу