ҰҚК ірі есірткі зертханасының жолын кесті

411

30 келі мефедрон, 2,2 тонна прекурсор тәркіленді.  

ҰҚК ірі есірткі зертханасының жолын кесті Фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ІІМ-мен бірлесіп достастық елдерінің аумағында таралған психотроптық заттардың ірі өндірісін жою бойынша операцияны өткізді, деп жазады inbusiness.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК жедел қызметкерлері Қырғызстанда ірі есірткі зертханасының жұмысы туралы ақпаратқа қол жеткізіп, тиісті мәліметті көрші елдегі әріптестеріне жолдаған.

"29 шілдеде Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Бішкек маңында синтетикалық есірткінің дайын партиясын тасымалдау үстінде жергілікті есірткі қылмысына қатысы бар топтың көшбасшысын, оның екі көмекшісін қолға түсірді. Тінту кезінде 30 келі "мефедрон", 2,2 тонна прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіретін құрылғы табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу