Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар әлі де табылып жатыр

87

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын хабарлады.    

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар әлі де табылып жатыр Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

2025 жылғы тамыз айынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) полиция және прокуратура органдарымен бірге Астана мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестіру және тәркілеу бойынша арнайы операциялар жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Операция барысында, 2022 жылғы "Қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған қарулар да табылып жатыр.

Нақты тәркіленген заттар:

  • 12 Калашников автоматы;
  • 6 тапанша;
  • 15 мылтық;
  • 3 граната;
  • 500-ден астам оқ-дәрі.

Қазір осы деректер бойынша тергеу және тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу