ҰҚК қару және жалған шетел валютасын сақтаған қылмыстық топтың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысының аумағында қарудың және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді. 

ҰҚК қару және жалған шетел валютасын сақтаған қылмыстық топтың жолын кесті Фото: gov.kz

"Қылмыстық қару мен жалған АҚШ долларын сатудың жасырын арнасы жұмысын жолға қойған қылмыстық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталды.

Операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, атқыш қару, оқ-дәрі, сонымен қатар жалған америкалық банкноттарды әкелудің тұрақты қылмыстық жүйесі анықталды   және құжаттанды", – деп хабарлады ҰҚК.

 

Қылмыскерлер жасырынып, заманауи техникалық байланыс құралдарын қолданған. Осылайша бұл оларды әшкерелеуде қиындық тудырған.

Күдіктінің заңға қайшы әрекеті еліміздің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндірген. Дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнес жойылды.

Заңсыз айналымнан 4 бірлік қару: "Калашников" автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450 астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары алынды.

"Ұсталған адам қылмысын мойындады және ҚР ҚПК 128-бабы негізінде сот рұқсатымен 2 айға тергеу изоляторына қамалды", – деп хабарлады ҰҚК.

 

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу