ҰҚК Қостанай облысында вейп өнімдерін тәркіледі

206

Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген өнімнің жалпы құны 500 миллион теңгеге жуықтайды.  

ҰҚК Қостанай облысында вейп өнімдерін тәркіледі Фото: polisia.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қостанай облысындағы "Қайрақ"автомобиль өткізу пунктінде елімізге ірі көлемдегі вейп өнімдерін заңсыз алып өтпек болған әрекеттің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, 29 маусым күні жүк автокөлігінің тіркемесіндегі өзге тауарлардың арасына жасырылған 27 624 дана электрондық тұтыну жүйесі (вейп) анықталған.

Аталған дерек бойынша барлық материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.

Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), сондай-ақ оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерді елге әкелуге және өндіруге заңмен тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу