ҰҚК құны 3,9 миллиард теңге есірткі, қару-жарақ және тауар контрабандасын тоқтатты

117

Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісінің алдын алды.

ҰҚК құны 3,9 миллиард теңге есірткі, қару-жарақ және тауар контрабандасын тоқтатты Фото: ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметінің биыл шілдедегі іс-қимыл нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы шілдеде құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Шекара кеңістігінде 4 975 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 4 346 шетел азаматы бар.

3,9 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 2 476 фактісінің алды алынды, оның ішінде:

39 факті – есірткі заттары;

88 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (108 дана суық қару, 2131 дана оқ-дәрі);

1 808 факті – көлемі 150 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары, жалпы сомасы 33,4 млн теңге;

392 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;

149 факті – сомасы шамамен 2,1 млрд теңге болатын шетел валютасы.

Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісінің алды алынды. 24,6 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 103 дана бекіре тұқымдас балық (580 кг) тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 251 млн теңгеден астам.

Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ 38 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 295 әкімшілік іс өндірісте.

Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу