ҰҚК қыркүйек айында пара алу мен беруге қатысты 10 деректі анықтады

370

Сотқа 9 қылмыстық іс жіберілді.

ҰҚК қыркүйек айында пара алу мен беруге қатысты 10 деректі анықтады Фото: Бейнежазбадан

Қыркүйек айында ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 13 құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

  •  361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 1;
  •  366-бап (пара алу) – 5;
  •  367-бап (пара беру) – 5;
  •  234-бап (экономикалық контрабанда) – 1;
  •  287-бап (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) – 1.

Сотқа келесі 9 қылмыстық іс жіберілді:

  •  189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 3;
  •  190-бап (алаяқтық) – 1;
  •  366-бап - (пара алу) - 3;
  •  218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) – 1;
  • 385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) – 1.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу