ҰҚК қызметкері 5 жылға сотталды

668

ҰҚК қызметкері 5 жылға сотталды

Мемлекет қазынансынан 7 млрд теңге жымқырды деп айыпталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері 5 жылғы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Atameken TV.

Мұндай үкімді Астана қаласының №2 Есіл аудандық соты шығарды.

Тарқатып айтсақ, Ұлттық қауіпсіздік комтиетінде әскери-техникамен қамту департаментінің технигі болған Марат Жанатов мемлекеттік сатып алу процесін іске асыруда қылмысқа барған. Яғни, "Авто Патс Астана" кәсіпорнының өтінім бойынша материалдық заттарды толық жеткізбегенін біле тұра құжаттарды қабылдай салған.  Сөйтіп, жеткізушіге төлем жүргізіп, өзі де пайда көрген. Сот залынан қамауға алынған Жанатов өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқынан да айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу