ҰҚК қызметкері өлі күйінде табылды

783

Қазақстанның ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның денесі 16 қазанда "Аланда" қонақ үйінен табылған. 

ҰҚК қызметкері өлі күйінде табылды

Астанада "Аланда" қонақ үйінен Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның денесі 16 қазанда табылған. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері болмапты.

"Басқа ақпарат тергеуге зияны тимес үшін хабарланбайды", – деп мәлімет берді ведомство баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын бұл оқиға жайында Telegram арналарының бірінде жазылған еді. Ол хабарламада 25 жастағы қызметкердің аузын скотчпен орап тастағаны айтылған. Қаза тапқан ер адамның әйелі берген мәліметке сүйенсек, күйеуі дүйсенбі күні кешке үйінен кетіп, сейсенбі күні таңертең қонақ үйден өлі күйінде табылыпты.

"Аланда" қонақ үйі әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр, басшылық БАҚ-қа қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу