ҰҚК: Мемлекеттік шекара қызметі штаттық режимде жұмыс жасайды

364

Елдің солтүстік облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық және облыстық деңгейдегі жолдарда көліктердің қозғалысы уақытша шектелді.    

ҰҚК: Мемлекеттік шекара қызметі штаттық режимде жұмыс жасайды Фото: gov.kz

Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды.

"Көлік жолдарының ашылуына байланысты, жекелеген бағыттарда:

Қазақстан-Қырғыз учаскесі ("Қарасу" өткізу пункті);

Қазақстан-Өзбекстан учаскесі ("Тәжен", "Қазығұрт" өткізу пункттері);

Қазақстан-Ресей учаскесінде ("Сырым" өткізу пункті) көлік құралдарының кептелісі байқалады", - делінген ҰҚК Шекара қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен бірге ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс жасайтынын хабарлайды.

Шекарашылар көлік жүргізушілеріне қалыптасқан ахуалды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын алдын-ала жоспарлауды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу