15 маусым күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ішкі істер органдарымен бірлесіп, Өскемен қаласында бәсекелес екі қылмыстық топтың қарулы теке-тіресінің алдын алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
ҚР Ұлттық қауісіздік комитетінің мәліметінше, арнайы операция барысында қаладағы дәмханалардың бірінің жанында қылмыстық топтардың арасында өзара есеп айырысу әрекетіне қатысқалы келген 20 адам ұсталды.
"Күдікті адамдардан 2 "Макаров" тапаншасы, травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, жарық-дыбысты граната, 2 суық қару тәркіленді.
"Жедел тергеу жұмыстары жалғасуда",-делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу