ҰҚК полковнигінің мәйіті үйінің ауласынан табылды

1883

2022 жыл 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласынан ҰҚК полковнигі Азамат Ыбыраевтың мәйіті табылды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

ҰҚК полковнигінің мәйіті үйінің ауласынан табылды

"Аталған фактіні Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есіл аудандық Полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді", – деп жазылған ресми ақпарда.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Толығырақ ақпарат алу әзірге мүмкін емес.

Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, ол биіктен құлаған болуы мүмкін. Пәтерінің терезесі ашық қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу