ҰҚК салықшыларды "криптовалюта былығына қатысы бар" деп айыптады

742

ҰҚК салықшыларды "криптовалюта былығына қатысы бар" деп айыптады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті салықшыларды "криптовалюта былығына қатысы бар" деп айыптады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті қызметкерлерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

Яғни, салық қызметі өкілдеріне ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу бабы бойынша айып тағылып отыр. Серверлер мен компьютерлерге есептеуіш ресурсты пайдаланатын арнайы бағдарламалар - майнерлер - жасырын орнатылған. Мұндай әдіс криптовалюта майнингін жүзеге асыру үшін қолданылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу