ҰҚК шекара кеңістігін бұзған 2,5 мыңнан астам адамды ұстады

304

Сондай-ақ 996 заңсыз алып өту фактісінің алды алынды. 

ҰҚК шекара кеңістігін бұзған 2,5 мыңнан астам адамды ұстады Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы ақпанында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып атқарылған жұмыстардың нәтижесін бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шекара кеңістігінде 2 559 ҚР заңнамаларын бұзушы ұсталды, соның ішінде, 24 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды және 17 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы 996 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, оның ішінде: 

54 факті – есірткі заттары, жалпы салмағы 60 кг жоғары; 

20 факті – ату қаруы мен оқ-дәрілер (6 дана ату және 140 дана суық қаруы, 32 дана оқ-дәрі); 

63 факті – діни әдебиет (3 078 дана); 

330 факті – жалпы сомасы 8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (38 101 литр); 

халықтық тұтыну тауарлары – 429 факті, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам; 

шетел валютасы – 100 факті, жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам. 

"Каспий акваториясында 18 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ 9,5 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары; 109 дана (454 кг) бекіре тұқымдас балықтар; 39 дана (93 кг) таза тұқымдас балықтар тәркіленді. Алды алынған залал сомасы 173,5 млн теңгені құрайды", - делінген хабарламада.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. 

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу