ҰҚК шекарада пайда болған көлік кептелісіне қатысты түсініктеме берді

374

Бұған өткізу бекеттеріндегі жөндеу жұмыстары және туристік кезеңдегі жолаушылар легінің артуы секілді бірнеше фактор себеп болып отыр. 

ҰҚК шекарада пайда болған көлік кептелісіне қатысты түсініктеме берді Фото: alau.kz

Бүгінде еліміздің өзге мемлекеттермен шектесетін бірнеше өткізу бекеттерінде,  көліктер өз кезегін сағаттап күтуге мәжбүр, деп хабарлайды Atameken business.

Бұл Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Қайрақ"  "Бугристое"; "Сырым"  "Маштаково", қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қарасу"  "Ақ-Тілек" және қазақ-өзбек шекарасындағы "Жібек жолы"  "Гишт-Куприк"; "Қазығұрт"  "Ташкент";  "Атамекен"  "Гулистан" пунктері.

Жауапты органның дерегінше, бұған өткізу бекеттеріндегі жөндеу жұмыстары және туристік кезеңдегі жолаушылар легінің артуы секілді бірнеше фактор себеп болып отыр.

 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі,  көлік жүргізушілеріне қозғалыс бағытын қалыптасқан жағдайды ескере отырып жоспарлауға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу