ҰҚК шетелдік алаяқтарға көмектескен Қазақстан азаматын ұстады

290

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҰҚК шетелдік алаяқтарға көмектескен Қазақстан азаматын ұстады Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен шетелдіктерге телефон арқылы Қазақстан тұрғындарын алдауға көмектесіп келген ҚР азаматын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу болжамынша, Қазақстан азаматының көмегімен шетелдік алаяқтар өз әрекеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстанға жасаған қоңырауларды бүркемелеу мүмкіндігін алған. 

"Бұл операциялар шетелдік нөмірлерді қазақстандық нөмірге ауыстыратын арнайы құрылғыны және зиян келтіретін бағдарламалық қондырғыларды пайдалана отыра жүзеге асырылған.

Салдарынан күдікті ұлттық байланыс операторларына залал келтіре отырып, үстеме пайда алған. Ал оның қызметін пайдаланған шетелдік алаяқтар республика тұрғындарын алдап келген.

Қылмыстық кодекстің 210-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген ҰҚК мәліметінде.

Мәлім етілгендей, тек соңғы үш жылда 59 мың интернет-алаяқтық фактісі тіркеліп, тұрғындарға 43 миллиард теңге сомасында залал келтірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу