ҰҚК Шығыс Қазақстан облысында 18 жастағы экстремистік үгітшіні ұстады

306

Тергеу әрекеттері барысында тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер тәркіленді. 

ҰҚК Шығыс Қазақстан облысында 18 жастағы экстремистік үгітшіні ұстады Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

2023 жылғы 27 желтоқсан күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бұрын ұсталған адамға қылмыстық қудалауға әкеп соғуы мүмкін заңсыз әрекеттерге жол бермеуі туралы бірнеше рет ескертілген.

Сондай-ақ, оған ресми сақтандыру жарияланған.

Алдын алу шараларына қарамастан, ол қылмыстық әрекетін жалғастырды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде таратылатын радикалды идеологияның, әсіресе жастарға деструктивті әсер ету қаупін еске салады.

Бұдан басқа, экстремистік мазмұндағы Интернет-ресурстарына кіруден бас тартуды, ал ата-аналарға балалардың радикалды сайттарға деген қызығушылығына жауапкершілікпен ден қоюды ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу