ҰҚК: Сирияда қалған қазақстандықтар елге оралғысы келмейді

1927

Елге қайтарылған барлық әйел мен бала оңалту және бейімдеу курсынан өткен. Терррористік ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін 31 ер адам мен 12 әйел сотталған. 

ҰҚК: Сирияда қалған қазақстандықтар елге оралғысы келмейді

Сирияда қалған Қазақстан азаматтары елге оралғысы келмейді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков осылай деді. Сондай-ақ, ол қауіпті аймақтардан қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстары уақытша тоқтатылғанын жеткізді. Қашан жалғасатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Atameken Business.

Естеріңізде болса, Қазақстан бір жылдан бері Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстан азаматтарын қайтарумен айналысуда. Сонымен 4 кезеңге созылған "Жусан" операциясы бойынша елге барлығы 595 азамат оралған. Бірінші кезеңде 47 адам, ал екінші кезеңде 231 қазақстандық елге қайтарылды. Үшінші кезеңде елге эвакуациаланғандар саны 246-ға жетті. Төртінші кезеңде 71 адам жеткізілген.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, елге қайтарылған барлық әйел мен бала оңалту және бейімдеу курсынан өткен. Терррористік ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін 31 ер адам мен 12 әйел сотталған. Тағы 14 адам тергеліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу