ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры болған Дархан Ділманов ұсталды

531

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры болған генерал-лейтенант Дархан Ділманов билікті асыра пайдалану фактісі бойынша ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры болған Дархан Ділманов ұсталды

"2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті "Нұр Жолы" шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу