ҰҚК: Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері өз еріктерімен қару тапсырды

761

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі сәуір-мамыр айларында қаруды заңсыз айналымнан алуға қатысты іс-шараның нәтижесін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҰҚК: Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері өз еріктерімен қару тапсырды

Алматы облысында "Байкал" тапаншасы, 2 мылтық, 10 граната және әр-түрлі калибрлі 104 оқ жасырылған орын табылған. Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардан 3 бірлік қару мен 109 оқ-дәрі тәркіленген.

"Аймақтың қылмыстық өкілі "Макаров" тапаншасын сату кезінде ұсталды. Оның тұрғылықты жері бойынша "қаңтар оқиғасы" кезінде Талдықорған қалалық полиция басқармасынан ұрланған тағы бір тапанша тәркіленді.

Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды, соның ішінде Президент резиденциясына шабуыл жасағандарды ұстау барысында "Глок" маркалы тапанша мен 29 оқ және 3 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.

Тергеудегі "Қазақстандық" ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері өз еріктерімен 39 бірлік қару, 1 дауыстық граната, 1 броньды сауыт және 98 оқ тапсырды", – дейді ҰҚК-ден.

"Қорған" аңшылық дүкенінен қару ұрлауға қатысы бар тұрғындар ұсталған.

"Тінту барысында олардың тұрғылықты жері бойынша оптикалық нысана, тегіс ұңғылы оқпен жабдықтауға арналған станок, сондай-ақ "ASG" страйкболға арналған мылтық алынды", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Жамбыл облысында "Калашников" автоматы, револьвер, "Сайга" карабині және 328 оқ-дәрі жасырылған орын табылған.

"Қызылорда облысында "Калашников" автоматы, "Макаров" тапаншасы, "Борз" тапанша-пулеметі, "Сайга" карабині, "Ф-1" гранатасы және 59 оқ-дәрі жасырылған орындар анықталды.

Шығыс Қазақстан облысында Полиция департаментімен бірге жасырын жерден 1 шолақ мылтық, 1 "РГ-42" гранатасы, 168 оқ-дәрі және 1 броньды сауыт алынды.

Түркістан облысында полиция органдарымен бірге "Мосина" маркалы мылтық тәркіленді", – делінген хабарламада.

Жалпы заңсыз айналымнан барлығы 61 қару, 13 граната және 1 170 оқ-дәрі тәркіленіпті.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу